Қазгидромет синоптиктері 7 қыркүйек, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде бұрынғыша атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Тек елдің орталығында жауын-шашын жаумайды.
Республика бойынша екпінді жел, республиканың оңтүстік-шығысының таулы аудандарында бұршақ жауады.
ҚР солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының солтүстік-батысында, Атырау облысының солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, солтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Қарағанды облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, оңтүстігінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<