Бүгін кешке Астана аспанында шоу көрсетілмек

478

0

Фото: instagram.com/daut.shaikhislamov

Бүгін кешке Астана аспанында шоу көрсетілмек. Бұл туралы продюсер Даут Шайхисламов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Туған күніңмен, Астана!

Елорда әкімдігінің қолдауымен, шығармашылық топ, кәсіби ұшқыштар және анимациялық суретшілермен бірге астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік тосын сый әзірледік.

Бұл нағыз әуедегі сиқыр болмақ!

Дрон-шоу – әсерлі қойылым, заманауи өнер мен технологиялардың бірлесуі.

Баршаңызға мереке құтты болсын! Бейбітшілік пен жақсылық тілейміз!

Бүгін кешке Тәуелсіздік даңғылындағы «Қазақ елі» алаңында күтеміз», – деп жазған ол.

Қала әкімдігінің ресми сайтында көрсетілгендей, шоу сағат 22:30-да басталады. 500 дрон түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары мен басқа да кескіндерді суреттейді. Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылады. Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Айта кетсек, 1998 жылы 6 мамырда атауы ресми түрде Астана болып өзгерген елордамызға биыл 25 жыл толды. Иә, бір кездегі тың игерушілер қаласынан тәуелсіздік нышанына айналған бас қаланың осыдан 25 жыл бұрын тұсауы кесіліп, халықаралық таныстырылымы өткен. Ал, Астананың бас жоспары 25 жылда неше рет өзгергенін білесіз бе?Еске салсақ, бүгін елордада бірқатар мерекелік шара өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<