Бүгін Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі

261

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Бүгін Қазақстанда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл күн «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңда мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде бекітілген. 4 маусым Қазақстанда 2007 жылдан бері тойланып келеді.

Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Оларға Ту, Елтаңба және Әнұран жатады.

«Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін білдіретін ажырамас атрибуттарының бірі», – деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер күнінде Астанада, Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлерінде салтанатты іс-шаралар өтеді. Іс-шара мемлекеттік Туды көтеруден және Әнұранды орындаудан басталады.