Бүгін Сапақ ауылында жаңа әкім сайланады

59

0

Фото: Облыстық сайлау комиссиясы

Бүгін Арал ауданындағы Сапақ ауылының тұрғындары үшін әдеттегі жексенбі емес. Ауыл азаматтары әкім болуға ниетті кандидатты таңдап, дауыс беру үшін учаскелерге келуде.

Дауыс беруге ниетті сайлаушылар ауыл өмірінің келешегі үшін маңызды кезеңде өз конституциялық құқығын пайдаланып, таңдау жасады.

Айта кетейік, ауылдық округ әкімі болуға ниетті 3 кандидат бюллетеньге енгізілді. Олардың 2-і өзін-өзі, 1-і саяси партия атынан ұсынылған. Кандидаттардың орташа жасы – 42.

Округте 472 сайлаушы дауыс беру құқығына ие. 2 учаскеде 10 комиссия мүшесі қызмет атқарады.

Сапақ елді мекенінің құрамына кіретін Алтықұдық және Тасбөгет ауылындағы тұратын тұрғындар өтінішке сай тасымалданатын жәшік арқылы дауыс береді.

Еске салайық, дауыс беру 20.00-ге дейін жүргізіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<