Бүгін Сербияда аза тұту жарияланды

322

0

Фото: BBC

Сербия халқы ең көп шоғырланған Нови-Сад қаласындағы теміржол вокзалында бетон шатыр құлап, 14 адам қаза тапты. Бұл туралы ел президенті Александр Вучич мәлімдеді, деп хабарлайды BBC News

– Бұл соңғы сан деп үміттенеміз, 14 адам көз жұмды. Біз олардың ішінде бес адамды анықтай алмадық», – деді Вучич қайғылы оқиғадан бірнеше сағат өткен соң.

Құтқару операциясы көп ұзамай аяқталды. Қаза тапқан 14 адамнан басқа үш адам жарақат алған.  

Вокзал ғимараты 2021 жылы қайта жөндеуден өтті, одан кейін 5 шілдеде ресми ашылуы үшін биыл тағы жөндеуден өткен екен. 

Сербия билігі сенбі аза тұту күн деп жариялады. 

Естеріңізге сала кетейік, Испанияда табиғи апат құрбандарына үш күндік аза тұту жарияланған еді. Соңғы деректерге сай су тасқыны салдарынан екі жүзден астам адам қаза тапты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<