Бүгін таңертең болған екі жер сілкінісі алматылықтарға сезілген жоқ

342

0

Фото: Pixabay

Бүгін, 24 қаңтар таңғы уақытта Алматыда бірнеше жер сілкінісі болды.

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген. Бірінші дүмпу таңғы сағат 05:50 кезінде болды. Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытай аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.1. MPV магнитудасы — 5.0. Тереңдігі — 5 шақырым. Алматыда сезілген жоқ.

Екіншісі таңғы 07:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді. Энергетикалық санаты — 11.3. MPV магнитудасы — 4.9. Тереңдігі — 5 шақырым. Оны да алматылықтар сезбеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<