Бүгін жылу беріледі

540

0

5 қазаннан бастап қала бойынша барлық көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға жылу беріледі.

Ендігі ретте, тұрғындар 5 қабаттан қысым айналымы үшін құбырлардан ауа шығару жұмыстарын жүргізуі қажет.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану» Қағидасының 62 тармағына сәйкес үйішілік және пәтерішілік жылу желілеріне техникалық қызмет көрсетуді (5 қабаттан қысым айналымы үшін құбырлардан ауа шығару, ақауды қалпына келтіру, ысырмаларды ашу) сол үйдің пәтерлер иелері кооперативі (ПИК) немесе кондоминиум объектісін басқару органымен бірлесіп атқару қажет.

Осыған орай, пәтерлеріңіздегі жылу энергиясын реттеу жұмыстарын ПИК немесе кондоминиум объектісін басқару органымен бірлесіп жұмыс жасау керек екендігін жеткіземіз.

Сонымен қатар, үйішілік немесе пәтерішілік жылу құбырларында ақау орын алған жағдайда «109» кезекшілік байланысқа;

Магистралдық және кварталаралық жылу құбырларында ақау орын алған жағдайда 25-00-45, 25/01-04, 8-776-869-20-53 тәуліктік кезекшілік байланысқа хабарлау қажеттілігін назарға саламыз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<