Бүгінгі брифингтер: жазғы мектеп, жазғы тынығу орындары туралы

142

0

Фото: Білім басқармасы

Балалардың жазғы кезеңде бос демалыс уақытын тиімді өткізу, сауықтырылуы мақсатында 1 маусымнан бастап сауықтыру, тынығу лагерьлері өз жұмысын бастайды.

Биыл мектеп жанынан 290 лагерь жұмыс жасайды. Одан бөлек, қала сыртындағы 8 лагерь 7 ауысымда қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, аймақтан тыс жерде орналасқан лагерьлерде

6 ауысымда демалыспен қамтылады. Сонымен қатар балалар «Қазақстан халқына» қоры арқылы демалады.

Мектеп жанындағы жазғы тынығу лагерьлерінде киіз үймен этнолагерьлер, палаткалы лагерьлермен жасақталады.

Жазғы мектеп – балалардың оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, соның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру мақсатында өткізіледі.

Жазғы мектеп 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында және ағымдағы жылғы 26-30 тамыз аралығында жұмыс жасайды. Жазғы мектепте сабаққа қатысу өтініштер негізінде ата-аналармен/заңды өкілдермен келісу кезінде бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8, 10 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.

Жазғы мектепте оқу білім алушылар үшін тегін өткізіледі. Жазғы мектепті ұйымдастыру үшін қосымша қаржыландыру талап етілмейді.

Облыс бойынша жазғы мектепке 297 мектептен 68 802 бала қатысады. Оның ішінде 1-4 сыныптарда 30 434, 5-8 сыныптарда 32 784, 10-сыныптарда 5 584 бала қамтылады.

Қызылорла облысының білім басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<