Бүгіннен бастап Астана халықаралық әуежайының көлік тұрағында баға қымбаттады

689

0

Астана халықаралық әуежайында бүгіннен бастап автотұрақ құны өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әуежай әкімшілігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 1 тамыздан бастап әуежайдың көлік тұрағында жаңа тариф қолданысқа енді.

Бүгіннен бастап P1, P2, P3 аймағындағы автотұрақ бағасы 100 теңгеден 200 теңгеге көтерілді.

Ал P4, P5, P6 аймағындағы көлік тұрағының бағасы сағатына 50 теңгеден 100 теңгеге өзгерді.

Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін жасалған отырғызу-түсіру экспресс жолағын теріс пайдалану фактілерінің көбеюіне және жолаушылардан келген шағымның артуына байланысты 15 минуттық тегін отырғызу-түсіру жолағына тәулік ішінде үшінші рет немесе одан да көп кірген жағдайда жаңа тариф бойынша 300 теңге төлейсіз.

Алайда әуежайдағы жабық тұрақтың құны еш өзгеріссіз қалады. Жабық тұрақ ішкі рейстер орындалатын T2 терминалының оң жағында орналасқан.

274 орынға шақталған жабық тұрақтың құны – 12 сағатқа 1400 теңге. Тәулігіне 1800 теңге.

12-24 сағат аралығында 2000 теңге.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<