Жастарға зор сенім артты

537

0

Әрбір сайланған Президентке халықтың үлкен үмітпен қа­райты­ны – заңдылық.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сөзінде еліміздің әрі қарайғы дамуының он бағытын белгілеп, нақты жос­парларымен бөлісті.

Расында, еліміз аман болса, жеріміз бүтін, бірлігіміз бекем, мемлекеттігіміз мәңгі болады. Осы құндылықтарды мызғымастай етіп бекіту – Қазақстанның Президенті ретіндегі қасиетті парызы екендігін айтты. «Мен біздің жастарымыздың ұшқыр және озық ойлы екенін мақтан етемін. Сол себепті Мағжан ақынның «Мен жастарға сенемін» деген сөзін үнемі айтамын. Шын мәнінде, бәріміз жастарымызды қолдауымыз керек. Өйткені өскелең ұрпақ қана елімізді жарқын болашаққа бастайды. Бірақ жастар жетістікке жету үшін көп еңбектенуі керек. Жаңа білім алуға, тың тәжірибе жинауға ұмтылған жөн. Сонда жастарымыз өз кәсібінің хас шебері атанады. Әрдайым сұранысқа ие болады, қоғамда сыйлы болады. Міне, осылай өмір сүрген адам ешқашан, ештеңеден ұтылмайды» деді. Ел жастары барлық салада жемісті еңбек етіп келеді. Армандары асқақ, мақсаттары айқын. Біз жастар Президенттің айқын мақсаттарына болысуға әзірміз.

Нұрман АБДРАСИЛОВ,
Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының директоры

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<