Бұлақтар – баламалы су көзі

2

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекемелер қызметкерлері және экобелсенділердің қатысуымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Мөлдір бұлақ» атты ауқымды экологиялық акция өтті. Бұлақтар мен жағалау аумақтары тазартылып, оған 16 000-нан астам адам қатысты, 425 тоннадан астам тұрмыстық қалдық шығарылды. Сонымен қатар, 140-тан астам арнайы техника жұмылдырылып, жұмыстың сапалы әрі жедел орындалуына мүмкіндік жасалды.

Өңірдің барлық ауданында Сыр­дария өзенінің жағалауы, Арал ауда­нындағы «Ақеспеде», Жаңа­қорған ауданындағы «Қайнарбұлақта» таби­ғи су көздері тазартылып, маңы абаттандырылды.

Жалпы бұлақтар су ресурстары тапшы аймақтар үшін баламалы су көзі ретінде ерекше маңызға ие. Осындай игі бастамалар табиғатты қорғаудағы ортақ жауапкершілікті арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға сүбелі үлес қосады.

Айта кету керек, аймақта «Таза Қазақстан» республикалық эколо­гиялық бағдарламасы аясында сани­тарлық тазалық, абаттандыру, тұр­ғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыс атқарылуда.

Бюджет қаражатынан бөлек, кәсіп­керлердің демеушілігі есебінен демалыс орындары, балалар ойын және спорт алаңдары, қоғамдық кеңіс­тіктер кезең-кезеңімен қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеу­меттік нысандар заманауи талап­тарға сай жөндеуден өткізілуде.

Бұлақтар – баламалы су көзі

Кейінгі жылдары бюджет және демеу­шілік қаражаты есебінен Қы­зылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі және Қорқыт ата сквері қайта жаңғырты­лып, тұрғындар игілігіне берілді. Сонымен қатар, жуырда Президент саябағы қайта салынып ашылды.

Ауылда қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және тұрғын­дарды тазалық мәдениетіне ынталан­дыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы ұйымдас­ты­рылып келеді. Аталған жобаға кейінгі үш жылда 2 млрд 64 млн теңге бөлініп, үздік деп танылған елді мекендерге 67 арнайы техника табысталды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару, сұрыптау, өңдеу және кәдеге жаратуда «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 9 жоба қолға алынған.

Жаңақорған ауданында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешені толық қаржыландырылып, қажетті құрал-жабдықтары жеткізілді. Қазір нысанды іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Қалған 8 жобаны «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сарапта­мадан өткізіп, қаржыландыру үшін тиісті келісім-шарттар жасалуда.

Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен 475 млн теңгеге Сырдария ау­данында сұрыптау кешені бар қатты тұрмыстық қал­дықтар полигоны салы­нып, іске қосылды.

«СБ» ақпарат