Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында мұз кептелісінің алдын алу жұмыстары жүргізілді.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Катонқарағай ауданына қарасты Барлық ауылының маңындағы Бұқтырма өзенінде мұзда жарылыс жасалды. Соның нәтижесінде, 7866 шаршы метр мұз ұсақталды.
- Мұздың ең қалың жерлерінде, өзеннің жіңішке немесе бағытын өзгертуі мүмкін учаскелерінде бірнеше жарылыс жасалды. Құтқарушылар мамандардың мұз үстінде қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті, – делінген ақпартта.
Өңірде бұл бағыттағы жұмыстар наурыз айының басынан бері жүргізіліп келеді. Жалпы, облыс аумағындағы өзендерде 146 726 шаршы метр мұз ұсақталған.
Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты тасжолдардың бірі жабылғаны хабарланған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<