Бурабай курортында демалу бағасы қол жетімді болмақ

402

0

Бурабай курортында демалу бағасы қол жетімді болмақ Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Бурабайдағы туризмді дамыту туралы жоспарларымен бөлісті.

«Жақын арада Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет 61 миллиард теңге бөлді. Ол жерде инженерлік инфрақұрылым салынатын болады. 233 гектарлық Үлкен Шабақта – инженерлік инфрақұрылым салынады деп шештік. Содан кейін ғана онда отельдер мен туристік бизнестің өзге де нысандары бой көтереді. Бурабай кентінің ішінде қазірдің өзінде 14 гектарлық аумақты қайта салуды көздеп отырмыз. Алдымызға әлемдік деңгейдегі курортты салу міндеті қойылды. 14 гектарлық аумақта құрылыс басталып, ол жерде көлге тіке шығатын аллеялар салынып жатыр. Шағын отельдер мен мейрамханалар, ресторандар тұрғызылады. Сонымен бірге, біз әлбетте сапалы сервис жағын да, бағаның аса қымбат болмауын қадағалалап отырмыз», – деді Мәлік Мырзалин.

Өңір басшысы сонымен қатар, ЮНЕСКО геопаркінің мәселесі де өте өзекті екенін атап өтті. Осы жылдың 1 қарашасынан бастап ол бойынша өтінім берілмек. Геопарктің мәртебесі әлемдегі барлық анықтамаларда көрсетілетін болады. Себебі, әлемдегі көптеген адамдар геопаркке ерекше ынтық. Келесі жылдың соңына дейін аталмыш жоба аяқталатын болады.

 KAZINFORM.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<