Бурабай курорты ресейлік туристердің пікірі бойынша ТМД елдері арасындағы ең танымал курорттардың бірі, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТурСтат сараптамалық агентігіне сілтеме жасап.
Агенттік биылғы жазда Ресей туристері демалатын ТМД елдеріндегі танымал курорттардың рейтингін жасады. Оның ішінде Қазақстандағы Бурабай, Қырғызстандағы Ыстықкөл, Беларусьтағы Нарочь көлі, Каспий теңгізі жағалауындағы Әзірбайжанның астанасы Бакудегі Бильгя жағажайы және Армениядағы Севан көлі туристер демалатын курортты орындардың алғашқы бестігіне енді. Рейтинг аталмыш курорттарға туристердің баруы бойынша талдау қорытындысы нәтижесінде шығарылды. ТурСтат агенттігінің дерегі бойынша, ТМД елдері курорттарына ресейлік туристер жазғы маусым кезінде 7 және 14 күн аралығында демалады. ТМД елдеріндегі курорттарда демалу туристер үшін тәулігіне 50-100 долларды құрайды. Арзаны Ыстықкөлде-50 доллар, Бакудегі Бильгя жағажайында – 100 доллар, Бурабайда – 80 доллар. ТМД елдеріндегі курорттарға Мәскеу, Мәскеу маңы, Санкт-Петербург, Оңтүстік Орал және Сібірден келетін ресейлік туристер көп барады. Ресейлік туристер үшін ТМД-ға танымал 5 курорт.
1. Қазақстандағы Бурабай курорты.
2. Қырғызстандағы Ыстықкөл.
3. Беларусиядағы Нарочь көлі.
4. Әзірбайжанның астанасы Бакудегі Бильгя жағажайы.
5. Армениядағы Севан көлі.

>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<