Бурабайда Жеке батыр тауы өртеніп жатыр

489

0

Бурабайда Жеке батыр тауы өртеніп жатыр Ақмола облысында Бурабайдағы Жеке батыр тауы өртеніп жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл өртке қауіптің 4-деңгейі берілген. Оны сөндіру үшін әуеге тікұшақтар көтерілді.  «19 шілдеде 13:00-де Ақмола облысының Бурабай ауданында, Щучинскіден 15 шақырым жерде, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ аймағындағы Жеке батыр тауының шыңында, 852 метр биіктікте құрғақ шөп пен орманнан өрт шықты», – деп хабарлады ТЖК.  Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орны мен ТЖД-да жедел штаб құрылды. 
 «ТЖД-дан 60 қызметкер мен бес техника, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» ММ-нен 40 қызметкер, екі техника, бір Ми-2 тікұшағы жұмылдырылды. Көкшетаудан ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның суағар құрылғысы бар Ми-26 тікұшағы ұшып шықты», – деді ведомствода.