Бұршақ, үсік, найзағай – бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

720

0

Еліміздің бірнеше өңірі бойынша 17 мамырға дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде – 15-20, екпіні – 23 м/с. Орал қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Астана қаласында күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып жел соғады, күндіз екпіні – 15-18 м/с.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, күндіз найзағай болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде орталығында, күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Ақтөбе қаласында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі. Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Тараз қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында түнде және таңертең найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қаласында кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болжамы бар.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл, таулы аудандарда бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні – 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Шымкент қаласында таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде түнде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары сақталады. Жезқазған қаласында найзағай, бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Көкшетау қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Қостанай облысыныңоңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ. Күндіз облыстың оңтүстік жартысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<