Бұрын 10 сотық жерді біреуден сатып алғандар да тегін жер кезегіне тұра алады

734

0

Бұрын өзге азаматқа мемлекеттен тегін берілген жер телімін сатып алған адам өз атына басқа бір жер телімін тегін рәсімдеуге құқылы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ҚазАқпарат жолдаған редакциялық сауалға берген жауабында мәлім етті.

«Бұрын басқа азаматқа тегін берілген жер учаскесін сатып алу – азаматтық-құқықтық мәміле. Азамат бұрын мемлекеттен бұл мақсатқа тегін жер алмаған болса, тегін учаске ала алады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін жер учаскелері бір рет беріледі», – деп жазылған ведомствоның жауабында.

Комитет басшысы ұсынған ақпарат бойынша, бүгінгі таңда 2 миллионға жуық адамның өтініші кезекке қойылған.

«Бұл сан күн сайын өзгереді. Ал облыстар бойынша кезек санын облыс әкімдіктерінен анықтау керек», – деп жазады Мұрат Теміржанов.

Өткен айда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коммуникация желілерін тартқаннан кейін қазақстандықтарға 10 сотық жер телімін таратуда еш қиындық болмайтынын мәлім еткен болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<