БҰҰ: Газада балалар аштықтан өліп жатыр

831

0

Сурет: wikimedia

Газа секторының солтүстігінде балалар аштықтан өліп жатыр. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Оның дерегінше, Камал Адуан госпиталінде жексенбі күні 15 бала дұрыс тамақтанбау салдарынан жан тәсілім еткен, деп хабарлады Zakon.kz.

Айта кетсек, бұл палестиналық анклавты Израиль армиясы қазанның 7-де Хамастың шабуылынан кейін бомбалай бастады.

Содан бері Газа азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыз су, отын және энергия тапшылығынан зардап шегіп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен қатар, соғыстан 30 жарым мың адам қаза тапты. Құрбандардың көбі – әйелдер мен балалар.

Қарулы қақтығыстар кесірінен қазір Газаның теріскейінде шамамен 300 мыңдай адам ашаршылыққа ұшырап жатыр.

«Мен дәрігер Ахмад Салеммін. Камал Адуан ауруханасының жансақтау бөлімінде жұмыс істеймін. Балаларды көп қабылдап жатырмыз. Аз уақыттың ішінде 13 жеткіншектің дұрыс тамақтанбаудан өлгеніне куә болдық. Әрине олардың аналары да аштыққа ұшырап жатыр», – деді «Камал Адуан» ауруханасының жан сақтау бөлімінің дәрігері Ахмад Салем.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<