Былтыр Аралда 3 жеке балабақша ашылды

7

0

Фото: Арал ауданы

Жеке балабақшалардың салынуы мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әріптестігіне негізделген, мектепке дейінгі білім беру саласын дамытудың маңызды бағыты. Бұл бастама балаларды сапалы тәрбиемен және біліммен қамтуға, мектепке дейінгі мекемелерге деген сұранысты азайтуға, сондай-ақ ата-аналар үшін қолжетімді әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы бағытта 2025 жылы аудандаға қарасты Аралқұм ауылында «Айым-анам», Ақбай ауылында «Жансая 2» және Қаратерең ауылында «Іңкәр» жеке балабақшалары ашылып, бүгінде ауыл балаларының жайлы ұясына айналып келеді.

Осы әлеуметтік игіліктердің нәтижесінде 60-қа жуық жаңа жұмыс орындары пайда болып, жалпы саны 175 баланы балабақшамен қамтуға мүмкіндік туды.

Жеке инвестиция есебінен бой көтерген балабақшалар заманауи талаптарға сай жабдықталып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға оң әсерін тигізуде.