Былтыр қазақстандықтар VIP-нөмірлерге қанша қаражат жұмсады

499

0

Фото: ашық дереккөз

2023 жылы мамандандырылған ХҚКО-лар 30 мыңға жуық жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берді. Олар үшін көлік иелері 10 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, қазақстандықтардың VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 7 млрд теңгеден асқан.

Еске сала кетсек, Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетіне түседі.

2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылады. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрайды.

VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.

Жалпы, 2023 жылы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында республика бойынша 3,2 миллионнан астам көлік тіркеліп, 1,1 миллион жүргізуші куәлігі берілді.

Оның ішінде, Қызылордалық автокөлік жүргізушілері 2023 жылы 1071 жоғары сұранысқа ие VIP-нөмірлерге тапсырыс беріп, бюджетке 334 013 535 тенге қаражат түскен.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<