Былтырдан бері іздеуде жүрген қазақстандық Қырғызстанда ұсталды

222

0

Фото: Polisia.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2023 жылдан бері іздеуде жүрген Қазақстан азаматын ұстады. Қазір ол Алматыда уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

«Азамат «Ө» бұрын сот үкімімен тәркіленген үш үй мен екі пәтер түріндегі мемлекеттік мүлікті ұрлады деген күдікке ілінді. Алаяқтық әрекет Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің лауазымды тұлғалардың қатысуымен бақылаудағы адамдарға төмен бағамен және сауда-саттықсыз жылжымайтын мүлікті сату жолымен жасалды», – делінген хабарламада.

Антикордың мәліметінше, биыл 14 маусымда Бішкек қаласында ұсталған қазақстандық «Ө» Қырғызстан Республикасы ІІМ қызметкерлеріне жеңілдетілген рәсімдер бойынша өз еркімен Қазақстанға оралуға дайын екендігін жеткізген.

Сол күні Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің сүйемелдеуімен «Ө» Қырғызстан Республикасының шекарасынан өтіп, Алматы қаласына жеткізілді.

Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат таратылмайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін күдікті кінәсіз деп есептеледі», – дейді агенттіктен.

Ulys media порталының хабарлауынша, ұсталған азамат Қайрат Құдайбергеннің інісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жоғарғы сот «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергеннің ісі неге ұзаққа созылғанына қатысты түсініктеме берген болатын. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<