Бюджет қаржысына қоғамдық бақылау қойылды

535

0

Бюджет қаржысына қоғамдық бақылау қойылды Қызылордада енгізілген «Қоғамдық бақылау картасы» ауылдық елді мекендерде құрылған бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын бақылайды. Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов мәлімдеді.
Аталмыш жоба арқылы жол салу, әлеуметтік нысандар, көгалдандыру және өзге де жұмыстардың сапалы орындалуы назарда болады. «Бақылау үш түрлі тәсілмен жүргізіледі. Алғашқы тәсіл – әлеуметтік желілер мен телефон байланысын пайдалану. Бұл қоғамдық бақылау картасын қалыптастырудың қарапайым және күрделі емес тәсілдерінің бірі. Қазіргі таңда халық көп тұтынатын ватсап және телеграмм мессенджерлерін пайдалануды көздеп отырмыз. Екіншісі «Qamqor» қосымшасы арқылы жүргізіледі. Үшінші тәсіл – аудандарда құрылған арнайы мониторингтік топтар арқылы жүргізу», – деді А.Мұхимов. Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Анар Ізденнің айтуынша, бұл бастама жол және әлеуметтік нысандар құрылысы, медицина, білім беру және басқа салаларда сыбайлас жемқорлық көріністерін байқаған тұрғындарға пікірлерін ашық айтуға және жемқорлықтың алдын-алуға мүмкіндік береді.
Әділет Қаңтарбаев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<