Бізде рухани жобаларда ұйытқы болуға мүмкіндік бар

261

0

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. 

Гүлмира Сарбасова, 

«Қазақпарат» тілшісі: 

–  «Рухани жаңғыру» орталығының Қызыл­ор­да­­дағы Сырдария өзенінің сол жағалауына орна­ласуында бір мән бар сияқты. Бұл орталықтың  жұмысын ұйымдастыру арқылы қандай баста­маларды жүзеге асыру жоспары бар?

Жауап: 

– Біз өндіріс жөнінен Қарағанды, Павлодар облыстарымен бәсекеге түсе алмаймыз. «Сыр – Алаштың анасы» деген сөздің мәні неде? Батыста Ресей империясымен, Жетісуда жоңғарлармен, Оңтүстікте Қоқанмен  кең-байтақ жер үшін аттың жалында, түйенің қомында жүріп шайқасқан батырлар Сырдың жағасына келіп есін жиған. Сондықтан Елбасы Сырдың бойын  Алаштың анасына теңеп отыр. Осы себепті Қызылорда рухани мәселелерде ньюсмейкер болуы керек. Бізде рухани жобаларда ұйытқы болуға мүмкіндік бар. Сыр бойындағы «Рухани жаңғыру»  орталығының қазақ қоғамында өз рөлі болады деп ойлаймын. Астана, Алматыдағы  эксперттер Сыр еліндегі мамандардың пікірімен санасатын, жобаларынан үлгі алатын, пікіріне құлақ асатын болады. Өйткені, бұл өңірде рухани құндылықтарды, мыңжылдықтардан бері келе жатқан игіліктерді дәріптеудің қалыптасқан дәстүрі бар. Қазақ халқының рухани жаңғыруына қызмет етуге мүмкіндік жеткілікті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<