БЖЗҚ-да ашық есік күні өтеді

250

0

БЖЗҚ-да ашық есік күні өтеді  2018 жылдың 20 қыркүйегінде «БЖЗҚ» АҚ барлық филиалында Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығына арналған ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«БЖЗҚ» АҚ жіберген мәлімет бойынша, Қор зейнетақы жүйесіне қатысты кешенді сұрақтар бойынша белсенді түсіндірмелік жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
«Зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартумен және зейнетақы жинақтарының есебін және төлемін жүргізумен, салымшыларды олардың жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы хабарландырумен айналысады», – делінген хабарламада.
Шара аясында Қор өкілдері қатысушыларды Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің тарихы мен негізгі даму бағыттары, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамалық өзгерістермен таныстырады. Шараға қатысушылар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қор мамандарынан жеке кеңес ала алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<