БЖЗҚ активтері 21,8 трлн теңгеге жетті

50

0

Фото: Kazinform

Ел тұрғындары биыл зейнетақы қорынан 495,3 млрд теңге қаржысын мерзімінен бұрын алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтері оң динамиканы көрсетіп жатыр. Жылдың басынан зейнетақы активтері 22,7 пайызға өсіп, 21,8 трлн теңге болды. Жыл басынан инвестициялық табыс көлемі 2,8 трлн теңге болды. Зейнетақы жарналары 2,3 трлн теңгеге жетті және былтырғы жылмен салыстырғанда 19 пайызға ұлғайды. Қаражатты мерзімінен бұрын алу сомасы 495,6 млрд теңгені құрады, – деді Ұлттық банк төрағасы.

Тимур Сүлейменовтің атап өтуінше, Ұлттық банк сыртқы және ішкі нарықтардағы жағдайдың өзгеруін бақылап, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді және инфляцияны одан әрі төмендету жұмысын жалғастырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<