Central Asia Biology Olympiad: Айғанымның алтыны

379

0

Фото: Назарбаев зияткерлік мектебі

Алматы қаласында өткен «Central Asia Biology Olympiad» олимпиадасының қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Айғаным Ернатқызы (жетекшісі Райхан Тәжі) І орын иеленді.

Атылмыш білім додасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мектептерінің 200-ден астам жас биологтары қатысты. Дарынды өрендер биология генетикадан биоинформатикаға дейінгі биологияның түрлі тақырыптары бойынша күрделі тапсырмалар орындады. Айғаным теориялық білім мен логикалық ойлау қабілетімен ерекшеленіп, ең жоғары ұпай санымен жеңіске жетті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<