Central Asia’s Got Talent байқауының жеңімпаздары анықталды

192

0

Елордада «Central Asia’s Got Talent» шоуының финалы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.

Ақтық сынға бірнеше қатысушы өткен болатын. Арасында жерлестеріміз де бар.

Байқауда Қазақстаннан Ғалымжан Әуесбай, Қырғызстан елінен Айжан Нүсіпәлиева, Тәжікстаннан Падида және Өзбекстаннан Далер Шавкатов жеңімпаз атанды.

Ал бас жүлде, яғни 10 млн теңге Тәжікстан елінен келген Чоршанбе Аловатовке бұйырды.

Айта кетерлігі, Got Talent жобасының гранд-финалы жексенбі кешке елордадағы Келісім және Бейбітшілік сарайында өтті. Жоба 4 телеарнада тікелей эфирде көрсетілді Финалда үздік әнші, биші, сиқыршы мен акробаттар өздерінің ақтық сынға дайындаған бірегей жобаларын көрермендер назарына ұсынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<