ӘЧ-2018: Фанаттардың алаңға тауық әкелуіне тыйым салынды

278

0

ӘЧ-2018: Фанаттардың алаңға тауық әкелуіне тыйым салынды Нигерия құрама командасының жанкүйерлері Калиниград облысының билігінен футбол ойындарына өз тауықтарын алып келуге рұқсат сұраған болатын. Бұл өтінішті ресейлік тарап орындамайтындарын бірден басып айтқан деп хабарлайды prosport.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Біздің ақпараттық орталыққа көптеген сұрақтар мен өтініштер түсіп тұрады. Мәселен Нигерия жанкүйерлері алаңға тауықпен кіруге болады ма деп сұрады. Тауық олардың рәмізі, сол себепті оны алып жүрудің өз маңыздылығы да бар. Алайда, оған қарамастан біз мұндай әрекеттерге жол бере алмайтынымызды айттық.
Бірақ дәмді тауық дайындайтын жерді біз тауып бере аламыз, әрине» , – деп мәлімдеді облыстың мәдениет және туризм министрі Андрей Ермак.
Әлем чемпионаты аясында Калининградта төрт ойын болып өтпек. 16 маусым күні Нигерия Хорватиямен ойнаса, 22-сі күні Сербия мен Швейцария өзара бақ сынасады. Оған қоса маусымның 25-і Испания мен Марокко арасында кездесу өтсе, 28-і Англия мен Бельгия өзара үздікті анықтайды.
Калининградтағы стадионға 35 мың адамға дейін сыйып кетеді.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтпек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<