«Астана» клубына қарсы ойын өткізген «Челси» инстаграм парақшасында Алматының бірнеше фотосын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Футбол құрамасы Алматы қаласының бірнеше суретін жариялаған.
«Қазақстан командасымен алғаш рет ойын өткіземіз», – делінген фотолардың бірінде.
Сонымен қатар клуб өкілдері саяхат жасаған ең шалғай қала Алматы екенін атап өтті. Бұған дейін сапар шеккен шалғай қала Әзірбайжанның Баку қаласы болған.
Жазба астына қазақстандықтар жарыса пікірлерін жазып, әзілдеп те үлгерген.
«Тұмша – біздің басты көрнекілігіміз», «Братиславаға қош келдіңдер! Шынайы қаланың келбеті. Ақсай, Орбита (шағынаудандар – ред.) емес, Орталық», «Ұят, 17-18 жастағы балалардан ұтылып», «Фотолар 1990-жылдары түсірілген секілді», «Ең сұлу қаланы ең кедей қала сияқты түсірген… Лондонға барғанда қоқыстарын түсіріп қайтыңдар», «Бұл алматылықтар үшін таза ауа болып есептеледі», – деп жазды желі қолданушылары.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<