Олардың арасында екі бала бар. Бұл туралы Черногория Ішкі істер министрі Данило Шаранович мәлімдеді, деп хабарлайды DW.
Қаза тапқан балалардың жасы — 10 және 13-те. Подгорица клиникалық орталығының директоры Александр Радовичтің айтуынша, емханаға жеткізілген үш жаралы адамның жағдайы тұрақты.
Тавернадағы кикілжіңнен кейін 45 жастағы ер адам үйіне мылтық алу үшін оралып, қайта оқ жаудырған. Содан кейін ол өзіне қол жұмсамас бұрын таверна қожайынының балалары мен әйелін атып тастаған.
Черногория билігі үш күндік қаралы күн жариялады. Премьер-министр Милойко Спаич Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің отырысында қаруға толық тыйым салу мәселесі дереу көтерілетінін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Черногорияда бардағы атыстан кейін үш күндік қаралы күн жарияланғанын жазған едік.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<