COVID-19 жұқтырған қытайлықтардан вирустың тағы бір белгісі анықталды

331

0

COVID-19 жұқтырған қытайлықтардан вирустың тағы бір белгісі анықталды Коронавирус жұқтырған қытайлықтардың кейбірінде неврологиялық аурулар байқалған. Бұл туралы Қытай ғалымдары жүргізген зерттеуде айтылады, -деп хабарлайды «Известия»

Ғалымдар Ухан қаласында COVID-19 жұқтырған 214 науқасқа зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесі олардың көбінің анық сөйлей алмайтыны, сондай-ақ, қан айналымы дұрыс жүрмейтінін және бұлшықеттерінің әлсіз екені көрсеткен.

Бұдан бөлек, олардың дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, басы ауырып, өзін әлсіз сезінгендері айтылады.