CҚО-дағы жол апатынан екі полицей көз жұмды

541

0

Фото: sadenov_online / instagram

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданындағы жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Чистополье-Шөптікөл» автожолында Chevrolet Cobalt және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып қалған. Екі жүргізуші де сол жерде мерт болды. Осы фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

– Екі марқұм да ішкі істер органдарының қызметкерлері және олар қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапты. Полиция департаменті олардың туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады, – делінген баспасөз хабарламасында. 

Бұған дейін Қырғызстанда жол апатынан зардап шеккен қазақстандық елге жеткізілгенін жазған едік.