Дән – диқанның дәулеті

3964

0

​Бүгін қала әкімі Серік Қожаниязовтың қатысуымен Қарауылтөбе ауылдық округіндегі «Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің тәжірибе алқабында биылғы алғашқы дән себу рәсімі өтті.

Дән – диқанның дәулеті

​Ерте көктемнен бері дархан даланы дүбірге бөлеген диқан қауымы осы күнді асыға күткені анық. Олардың қуанышына ортақтасып, береке негізін қаласуға байырғы күрішшілер, батыр аналар да келді.

Дән – диқанның дәулеті

«Биылғы жылы күріштен мол өнім аламыз» деген үкілі үмітін жағып ардагерлер де дән себу шарасына белсене араласты. Игілікті істің бастауында ауыл ақсақалдары ақ пейілден ақтарылған батасын берді. Өз кезегінде шаһар басшысы дала диқандарының қажырлы еңбектеріне сәттілік тіледі.

Дән – диқанның дәулеті

​– Жері күрішті, елі ырысты қаланың ауылшаруашылығы саласы жыл сайын толайым табыстарға қол жеткізіп келеді. Мұның бәрі ауыл еңбеккерлерінің ынтымақ, бірлігінің жемісі. Бүгінгі Жер-Анаға себілген дән – ертеңгі диқан дәулеті, елдің ырзық-несібесі. Дала диқандарының дамылсыз еңбегіне бақ-береке тілеймін, – деді Серік Салауатұлы.

Дән – диқанның дәулеті

​Шара барысында ауыл шаруашылығы техникалары, күріш сорттары, тыңайтқыштар мен су үнемдеу технологиялары таныстырылып, науқанға дайындық барысы пысықталды. Биылғы жылдың үлкен жаңалығы – Сыр өңірінің климаты мен жер жағдайына жерсінетін «Айсара» дейтін күріштің жаңа сорты таныстырылды. Оны күріш институтының ғалымдары ойлап тапқан. Бір жағынан мол өнім беретін және тауарлық сапасы жоғары күріш сорты биыл алғаш рет өндіріске енгізілмек. Қала басшысы мұны молшылықтың негізі деп бағалады.

Дән – диқанның дәулеті


​–Ендігісі ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаев айтқандай, «егінші мәрт, жер жомарт» болсын деп тілейік, – деді шаһар басшысы.

Дән – диқанның дәулеті

​Жалпы, биылғы егіске күріш тұқымының 4,4 пайыз отандық, 95,6 пайыз ресейлік сорттардан дайындалған. Қалаға қарасты ауылдық округтерде 8 677 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру, оның ішінде 3 614 гектарға күріш егу жаспарлануда.

Дән – диқанның дәулеті

Мұнымен қатар, суды аз қажет ететін малазықтық, майлы дақылдар мен картоп, көкөніс көлемін арттыру көзделген. Егіске 3010,7 тонна минералдық тыңайтқыш қажет болса, бүгінде ол толығымен сатып алынды. Ал, көктемгі дала жұмыстарына 157 дана ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<