Іші қатты ауыратынын айтып, шағымданған бала қалалық балалар клиникалық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдеммен жеткізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Анасы баланың іші қатты ауырғанын айтты.
“Уақыт өтсе де жағдайы жақсармады, ішінің ауырғаны басылмады. Сондықтан біз көмекке жүгініп, баланы ауруханаға жеткіздік”, – дейді анасы.
Қабылдау бөлімшесінде кезекші хирургтар баланы тексеріп, іш қуысын рентгенге түсіретін болды. Дәрігерлердің айтуынша, тексеру барысында ішекте бөгде заттар анықталған. Оның ішінде магнит, бұранда және металлзат болған.
Тексеруден кейін бала балалар хирургиясы бөлімшесіне жатқызылып, шұғыл операция жасалды.
“Операция барысында ішектен бөгде заттар алынды: магнит, бұранда және алтыбұрышты гайка”, – деді мамандар.
Қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық, дәрігерлердің бақылауында жатып ол қажетті ем алып жатыр.






