Аудан әкімі Ардақ Ибраимов Қаракеткен ауылдық округіндегі жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты.
Қаракеткен ауылдық округінен жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысын салуға республикалық бюджеттен 189,5 млн. теңге, облыстық бюджеттен 59,3 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бүгінде жаңа құрылыс нысанының 80% жұмысы аяқталған. Ауыл тұрғындарының ұсынысына сәйкес Ел Президентінің қолдауымен негізі қаланған нысанның сапалы болуы мердігерлерге ескертілді. Аудан әкімі Ардақ Ибраимов аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес сапаға аса мән беру қажеттігін жеткізді.
Ауыл халқының игілігіне арналған дәрігерлік амбулаторияны жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.
Жалағаш ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<