«Дәстүрлі өнер» мамандығына Қызылорда облысы әкімінің 10 оқу гранты бөлінеді

314

0

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

«Дәстүрлі өнер» мамандығына Қызылордада облыс әкімінің 10 оқу гранты бөлінеді. Бұл туралы мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді.

«Жыл сайын білімге құштар жастарымызға облыс әкімінің 100 гранты беріледі. Аталған оқу гранттарынан бөлек, бойында жыраулық өнерге қабілеті бар, жыраулық дәстүрді оқытатын жыршы-мамандарды даярлау үшін Қорқыт ата университетінің «Дәстүрлі өнер» мамандығына қосымша 10 оқу гранты бөлінеді», – деді облыс әкімі. Айта кету керек, бұған дейін Қызылорда облысында жарияланған «Руханият жылы» аясында «Жыраулар үйі» ашылған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<