Бүгін аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмат Алдабергенов, аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов және аудандық мәслихат төрағасы Айтбай Жандарбеков, аудан әкімінің аппарат басшысы Ғалымжан Каримов күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Шиелі кентіндегі күре жолдардың бірі Дәулеткерей көшесіне барып, жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аралау барысында Алмат Әбдуәзизұлы жауапты басшыларға атқарлып жатқан жұмыстардың сапасын қатаң бақылауға алуды, ал мердігер мекемеге жұмыстары уақытында,кідіріссіз аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, бүгінде кенттегі Дәулеткерей және Мұстафа Шоқай көшелерін күрделі жөндеуге 296 млн. теңге қаражат бөлініп,тиісті жұмыстар жүгізілуде.
Шиелі ауданы әкімдігі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<