Дәурен мен Ақбота-Нұр қайта үйленбекші?

234

0

Фото: Әлеуметтік желіден

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов әлеуметтік желі парақшасында бір видео жариялап, жұртты ойлантып қойды деп жазады Democrat.kz.

Әлем жұлдызы Роберт Де Ниромен «сөйлесіп» отырғандай монтаждалған видеосында Дәурен: «Есіңде ме, 2016 жылы Ақботаға үйленгенімде у-шу басталып еді ғой? Бүкіл әлеуметтік желі «шайқалып кетіп» еді. Осыны тағы қайталағанымды қалайсың ба? Осы күзде тағы да сондай «у-шуды» қайталағым келіп отыр», – дейді.

Дәуреннің оқырмандары оның бұл сөзімен не айтпақ болғанын түсінбей дал болуда. Бірі «Ақбота-Нұрмен қайта жарасып, үйленбекші» десе, енді бірі «хайп» қой деп жазуда.

@daurenaidarkulov

Де Ниро одобрил, а что скажете вы?)

♬ оригинальный звук – Dauren Aidarkulov