Дәурен Қосанов Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, – деп хабарлайды syrboyi.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Дәурен Қосанов – 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін бітірді. Үшарал жауынгерлік полкінде қызметін бастады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<