Дала өртін болдырмау жұмыстары пысықталды

764

0

Фото: Сырдария ауданы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен дала өртін болдырмауға қатысты мәжіліс өтті. Аудан басшысы өрт қауіпсіздігін сақтау керектігін ескертті.

– Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдарда республиканың кейбір өңірлерінде орман-тоғайлар өртке оранып, бұл өзекті мәселеге айналды. Сондықтан орман-тоғайда өрт қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстауымыз қажет, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мәжілісте Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Болат Бисенбаев хабарлама жасап, орман және дала өртінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарды жеткізді. Мекеме директоры шаруашылық құрылымдарына, елді мекен тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық жұмыстарға басымдық берілгенін атады.

Аудан басшысы орман қорын молайту, өрттен сақтау ұдайы бақылауда болу керектігін назарға салып, тапсырмалар жүктеді.

Сырдария ауданы әкімдігі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<