
Хабарлама бойынша жасақтың 4 құтқарушысы мен «АМО» Қызылорда филиалының 1 дәрігерінен тұратын топ жол талғамайтын-батпақта жүретін «ТРЭКОЛ» көлігімен Қызылорда қаласынан шықты. 5 сағат жолда жүрген құтқарушылар даладан бетіне мұз қатқан су ортасында батып тұрған Камаз м/б kz 523 YAA 11 автокөлігін тауып алды. Жағдайды анықтағанда, ішіндегі Қызылорда қаласының 5 тұрғыны мал іздеп жүріп батып қалған.
Екі күн далада азық-түліксіз, су кешіп тонған азаматтардың біреуі ауырып қалған. Құтқарушылар дереу оларға су өткізбейтін Л-1 костюмдерін кигізіп, іші жылы өз көліктеріне тасымалдап отырғызды. Құтқарушылар, екі күн тамақ ішпеген азаматтарға тамақ пен ыстық шай берді. Суық тиіп ауырған азаматқа алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Содан кейін құтқарушылар құтқарылған бес азаматты Қызылорда қаласына жеткізді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<