Жол іздеп, далада қалған жолаушыларға көмектесті

71

0

Кеше облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекшісінен Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңаталап елді мекеніне ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні қаланың 2 тұрғыны мал іздеуге шыққандығы және осы уақытқа дейін хабар жоқтығы жөнінде хабар түсті.

Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары адамдарды құтқаруға және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге 3 құтқарушы, оның ішінде бір кинологиялық есеп 1 бірлік жоғары жүргішті техника Камаз автокөлігімен шықты. Іздестіру  жұмыстары барысында жасақ құтқарушылары Жаңаталап елді мекенінен 40 шақырым қашықтықта Сарыкөл атты учаскеден қала тұрғындары Р.Қайырбек пен М.Әбжаппаров бұзылған автокөліктерімен бірге табылды. Оқиға орнында құтқарушылар автокөліктерін жөндеуге көмектесті. Олар медициналық көмек қажет етпеді. Тоңып қалған автокөлік иесі мен жолаушысы Қызылорда қаласына дейін жеткізілді.

ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз