ДАМУҒА БАСТАЙТЫН ҚҰЖАТ

218

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық жердің пайдалануы мен қорғалуын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Қанатбек Серікбаев пен облыстық табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шәменовтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Маңызды жиында Елбасының кезекті Жолдауы талқыланды. Спикерлер атқарылуы тиіс жұмыс барысын баян етіп, саланы дамыту бағытындағы бастамаларға тоқталды.
– Саяси құжатта жер қаты­настары мен құрылыс саласын­дағы бюрократтық рәсімдер жайы шет қалмаған. Елбасы бұл ретте халық пен бизнес өкілдері тиісті ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отырғанын айтып, күрмеулі мәселе бойынша тәртіп орнату, жерді нақты инвесторларға беру қа­жет­тігін алға тартты. Осы орай­да жерді пайдалану мен қор­ғауды бақылау жөніндегі уәкілетті органға жер учаскесін алған адамдардың тізімін уақы­тылы орналастыру және конкурстар мен аукциондардың өткізілуіне мемлекеттік бақы­лау ұйымдастырудың жаңа функция­сын қолға алу тапсырылды. Бұрын мұндай құзірет болмаған. Бүгінде ҚР Ауыл шаруа­шылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару коми­тетімен жер қатынастары субъектілерінің жерді пайдалану мен қорғау, геодезия және картография қызметі бойынша тәуекел дәрежесін бағалау, өлшем шарттары мен тексеру парақтарын бекітуге байланыс­ты жұмыстарды жүргізуде. Процесс аяқталғаннан кейін басқарма жаңадан берілген функцияны жүзеге асырады, – деді Қ.Серікбаев.
Бауыржан Шәменов те Мемлекет басшысының дәстүрлі Жолдауда жауапты тұлғаларға арнайы тапсырма бере отырып, міндеттерді нақтылай түскеніне тоқталды. Оның айтуынша, құжатта әрбір өңірде экологиялық проблемаларды шешу бойынша шараларды жұртшылықпен бірлесе отырып әзірлеу, экологиялық мони­торинг жүйесін дамыту мәселесі қозғалды. Осыған сәйкес, басқарма Қазақстан эко­логиялық ұйымдарының ассоциациясымен бірлесіп, 8 бағыттан тұратын Қызылорда облысының 2018-2020 жыл­дарға арналған қоршаған ортаны сауықтыруға қатысты кешенді шарасын бекітті. Сонымен қатар басқарма тарапымен өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері дайындалуда.

М.СНАДИНҚЫЗЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<