Қазақстандық 13 жастағы әнші Еуразия шығармашылық одағының өнер, әдебиет, ғылым, спорт және әлеуметтік маңызды жетістіктер саласындағы халықаралық наградасын алған алғашқы бала болды. «Бүгін мен Еуразия халықаралық сыйлығының лауреаты атандым, ұйымдастырушыларға көп рахмет», – деп жазды әнші Instagram-дағы парақшасында. Сондай-ақ, Болат Аюханов, Зарина Алтынбаева, Еркеш Шакеев, Досым Сәтпаев, Сергей Шабуниндер де лауреат атанды.
Данэлия Төлешова Еуразия сыйлығын алған алғашқы бала болды
27.09.2019
296
0





