Данияр Елеусінов: Ертеңгі жекпе-жекке дайынмын

332

0

Данияр Елеусінов: Ертеңгі жекпе-жекке дайынмын 
Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті.

Салмақ өлшеу рәсімінде отандасымыздың таразыдағы таза салмағы 156 фунтты (70кг) көрсетті.

«Ертеңгі жекпе-жекке дайынмын» -, деп жазды Елеусінов өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Данияр Елеусіновтің қарсыласы – америкалық Ноа Кидд. Олардың жекпе-жегі Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки арасындағы айқастың андеркартында өтеді.Бокс кеші Barclays аренасында болады.

INFORM.KZ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<