Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы промоутері белгілі болды

365

0

Жақында ғана Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен келісімшарт жасағанын мәлімдеген Boxing Star LLC менеджерлік компаниясы боксшының промоутерін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз жақсы промоутерді ұзақ іздедік. Бір жылға жуық уақыт бойы бірнеше промоутерлік компанияларды қарастырып көрдік. Олардың көбі біздің көңілімізден шықпады. Себебі, біз Данияр үшін және алдағы уақытта бізбен серіктес болатын боксшылар үшін мінсіз промоутердің болғанын қаладық. Бүгін енді Данияр Елеусіновтің кәсіби бокстағы промоутерін таныстырғалы отырмыз. Бұл – Эдди Хирн, оны промоутерлік саладағы рок-жұлдыз деп атауға болады», – деді Boxing Star LLC менеджерлік компаниясының директоры Зия Алиев.

Британ промоутер қазақстандық боксшымен келісімшарт жасағаны үшін қуанышты екенін білдірді.

«Сіздердің Олимпиада жұлдыздарыңыздың бізбен жұмыс жасайтыны үшін өте қуаныштымын. Біз көптеген медаль иелерімен жұмыс жасайтынымызды атап өткім келеді. Солардың бірі – Энтони Джошуа. Данияр Нью-Йорк пен Лондонда жаттығатын болады. Біз Даниярдың жеңістеріне қолдау көрсетіп, оның әлем жұлдызы болатынына 100 пайыз кепілдік беремін. Токио Олимпиадасына қатысу екіталай деп ойлаймын. Себебі, кәсіби бокста жүрген боксшылардың көпшілігі Олимпиадаға қатыса бермейді. Алайда, менімен жасасқан шартта «кәсіби боксқа қатыса алады» деп жазылған», – деді Эдди Хирн.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<