Дархан Қыдырәлі мектептегі Қазақстан тарихы оқулығын қайта жазып шығуды ұсынды

367

0

Фото: gov.kz

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі мектеп оқытылатын Қазақстан тарихы оқулығын жаңа көптомдық негізінде жазып шығуды ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.

Сенатор депутаттық сауалында биыл Қазақстан тарихының көптомдығын әзірлеу жұмыстары аяқталатынын еске салды. 

«Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттігінің бастаулары туралы да соны деректер енгізу керек. Мәселен 6-7 сыныпқа арналған оқулықта Моғолстан мемлекетіне 1 параграф, 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі», – деді Дархан Қыдырәлі.

Оның пайымынша, жоғары оқу орындарының бағдарламаларына Қазақстан тарихының кейінгі нұсқасын енгізу маңызды.

«Жошы ұлысына арналған іргелі зерттеулер жүргізу, арнайы музей жасақтау, Едіге байқауын өткізу, Ұлытаудағы ескерткіш кешендерді ЮНЕСКО материалдық мұралар тізіміне енгізу де өзекті. Елімізде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Жошыны насихаттау үшін үлкен мүмкіндік. Сондықтан оларға ақпараттық қолдау көрсету, танымдық деректі және көркем фильмдер мен балаларға арналған мультфильмдер ұсыну да маңызды», – деді сенатор.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<