Дария арнасын реттеуде қорғаныс бөгеттерінің маңызы зор

488

0

Фото: Арал ауданы

Аманөткел ауылдық округіндегі «Ақтам», «Ырысты» учаскелері дария бойындағы маңызды қорғаныс бөгеттерінің бірі болып саналады. Қазіргі таңда Сырдарияға су мол түсіп жатқандықтан өзен арнасын реттейтін қорғаныс бөгеттерінің маңызы зор.

Елге төнетін қауіптің алдын алуда «Ескі арна» каналы мен «Аспай» суағытқысының да атқарар қызметі зор екені түсінікті. Аудан әкімі Сырға жасаған сапары барысында осындай маңызды ресурстың ырғақты жұмысын көзбен көріп, ауыл ардагерлерімен пікірлесті. Көлдер жүйесіндегі қауіпсіздікті бағамдап, жауаптыларға дария деңгейін бақылауда ұстау жөнінде тапсырма берді.

Мұнан соң Бөген ауылдық округіндегі «Көкіш» учаскесіндегі қорғаныс бөгетімен танысты. Қазіргі таңда бөгет жиегін су шайып, жырылып кетудің алдында тұр. Осы маңдағы бекіністі топырақпен нығайтып, қалыңдату жөнінде тапсырма берген аудан әкімі жағдайды жіті бақылауда ұстау керектігін жеткізді.

Сапар барысында «Ақлақ» тоспасындағы су деңгейін барлады. Қазіргі таңда теңізге дем берер маңызды нысан арқылы Кіші Аралға секундына 65 текше метір су жіберілуде. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш еселей түседі. Сол кезеңде маңызды нысанның су өткізудегі төзімділігі өте жоғары деңгейде болуы керек. Аудан әкімі осындай маңызды жұмыстың барысын бағамдап, судан келетін береке мен қауіптің қатар жүретінін жауаптыларға ескертті.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<