Қаладағы №264 мектеп-лицейінде екі референдум учаскесі бар. Соның бірі – №264 референдум учаскесі.
Учаске төрағасы Бек Тумырзаевтың айтуынша, учаске таңертеңгі сағат 7.00-де жұмысын бастаған. Мұнда жалпы 2045 дауыс беруші тіркелген. Түске дейін шамамен 475 адам өз таңдауын жасап үлгерген. 1 адам үйден дауыс берген. Жақында ғана 18-ге толған Нұрасыл Балтабай референдумға қатысып, алғаш рет азаматтық таңдауын жасады. Оған сыйлық табысталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<