ДДҰ маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады

641

0

Фото: freepik

Даниялық Bavarian Nordic A/S компаниясының MVA-BN вакцинасы алдын ала біліктіліктен өтіп, маймыл шешегіне қарсы алғашқы вакцина болды. Бұл туралы ДДҰ жазды.

– Bavarian Nordic A/S өндірушісінің MVA-BN вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) алдын ала біліктілігінен өтіп, маймыл шешегіне қарсы алғашқы дәрі болды, – делінген хабарламада.

MVA-BN вакцинасын 18 жастан асқан адамдарға төрт апта аралықпен екі инъекция түрінде егіледі. Тоңазытқышта бастапқы сақтаудан кейін вакцинаны сегіз апта бойы +2 … +8 градус температурада қалдыруға болады.

– Маймыл шешегіне қарсы вакцинаның алдын ала біліктілігі Африкадағы қазіргі эпидемия кезінде де, болашақта да осы аурумен күресудегі маңызды қадам саналады. Енді біз вакциналардың ең қажет болған жерлерінде әділ таралуын қамтамасыз ету үшін сатып алуды, донорлықты және оларды қолдануды шұғыл түрде кеңейтуіміз керек, – деді ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус.

ДДҰ мәліметтері бойынша, MVA-BN бір реттік дозасы маймыл шешегінен қорғауда 76 пайыз тиімді, ал екі доза 82 пайыз тиімді деп бағаланған.

Айта кетейік, Африкада маймыл шешегіне шалдыққандар саны 22,8 мыңға жетті.

ДДСҰ маймыл шешегімен күресу үшін 135 млн долларлық жаһандық жоспарды іске қосты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<